Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Жол апатынан балабақшаның үш қызметкері қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында Астана – Петропавл республикалық тасжолында бес көлік соқтығысып, балабақшаның үш қызметкері қаза тапты. Тағы екі адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 15 қазанда сағат 08:00 шамасында Кременчуг ауылының маңында болған.

«Үш жеңіл көлік пен екі КамАЗ соқтығысып, Audi көлігінде болған үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Көлікті басқарған 20 жастағы жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы ауыр жарақат алған. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер ота жасап жатыр. Қалған көліктердің жүргізушілері зардап шеккен жоқ», деп хабарлады ведомство.

Қаза тапқан әйелдер Жамбыл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеген. Облыстық білім басқармасы олардың сапары жеке мақсатта болғанын және қызметтік міндеттерін орындауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Аталған дерек бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.