Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Фото: ҚБФ

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аса ауыр салмақтағы Зарина Толыбай шешуші кезеңде Самира Итониевамен (Ресей) айқас өткізіп, 4:1 есебімен басым түсті.

Заринаның финалға дейінгі жолы:

1/4 финал. Френцис Таафаки (Тувалу) – 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

1/2 финал. Мирей Догру (Түркия) – 5:0

Бокс федерациясы мәліметінше, отандасымыз шілде айында ғана Джакартада (Индонезия) өткен U19 Азия чемпионатында топ жарған болатын.