Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Үндістанда 89 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Фото: thehindu.com

Үндістанда болып жатқан  «Арнаб» циклоны Андхра-Прадеш штатының жағалауына жеткен. Билік өкілдерінің мәліметінше, осы уақытқа  дейін жағалаудағы қауіпті аймақтардан 89 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Egemen.kz жазған дерекке сүйенсек, Құрлыққа жеткен кезде желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырымға дейін жеткен. Циклон бірнеше жағалау ауданында нөсер жауын жаудырып, айтарлықтай қирауларға себеп болған. Әзірге адам шығыны туралы ақпарат түспеген.

Эвакуация және қауіпсіздік шаралары:

Андхра-Прадеш штатында кемінде 89 мың адам эвакуацияланған.

  • Циклон қаупі бар аумақтарда 20 округ бойынша 2 мыңнан астам уақытша паналау орны ашылған.
  • 30 мыңнан астам балықшы қайығы жағалауға бекітілген.
  • Зардап шеккен аймақтарда шұғыл көмек көрсету үшін 1100-ге жуық медициналық топ жұмылдырылған.
  • Кейбір теміржол рейстері тоқтатылған.

Пікірлер 0

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.