Қызылорда қаласында түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағына ұялы телефондарды лақтырмақ болған тұрғын ұсталды.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел тобы мен №60 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері күдікті азаматты оқиға орнында қолға түсірді.
Оқиға орнына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған азаматты тексеру барысында скотчпен оралған зат анықталды. Оның ішінен үш ұялы телефон тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жолданды.
