Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Пойыз билеті 10 пайызға арзандады

 

Елімізде 1 қазаннан бастап теміржол билеттерінің құны 10%-ға төмендеді. Жеңілдік 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.  Бұл туралы «ҚТЖ» баспасөз қызметі жариялады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 10%-дық жеңілдік компания пойыздарындағы вагондардың барлық түріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға да қатысты.

Билеттерді жеңілдетілген бағамен bilet.railways.kz сайты және теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.