Құрылтай депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды egemen.kz
Заң жобасы Мемлекет басшысының Құрылтайдың бірінші шақырылымы бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Құжат мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік наградалар туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасында отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға үлес қосқан азаматтарды марапаттау үшін «Шәмші Қалдаяқов» медалін енгізу ұсынылады.Сонымен қатар бейнелеу өнеріндегі үздік туындыларымен танылған және Қазақстанның көркем мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан қайраткерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын беру ұсынылады.
