«Қазгидромет» синоптиктері 10, 11 және 12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжамға сәйкес, 10-12 қазан аралығында Қазақстанда ауа райы айтарлықтай құбылмалады: кей өңірлерде ауа температурасы +28 градусқа дейін жылынса, басқа аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.
Күн қай жерде ең жылы болады?
Ең жоғары температура еліміздің оңтүстігінде күтіледі. Қызылорда облысында ауа температурасы +23…+28 градусқа дейін көтеріледі. Батыста +22…+27 градус, солтүстік-батыста +17…+25 градус болады деп болжанады.
Оңтүстік-шығыста температуралық фон +17…+25 градусты құрайды. Елдің орталығында +13…+22 градус, солтүстігінде +13…+20 градус, ал шығысында +10…+22 градус жылы болады.
Бұл ретте Түркістан облысында температура +18…+23 градусқа дейін төмендейді.
