Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қарулы Күштер Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Президент жаңа министрге әскердегі қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздардыңқажетті жабдықтармен қамтамасыз етілмегенін айтты. Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды.
