Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Олжас Бектенов: Ауқатты адамдар мемлекет көмегіне сүйенбеуі керек

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі өзгереді. Енді көмек отбасының материалдық жағдайы мен табысын ескере отырып беріледі. Құрылтай отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік көмекті тағайындау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде көпбалалы отбасы бай немесе тұрмысы төмен болсын, мемлекеттен бірдей қолдау алады. Біздің ойымызша, бұл әділетсіз. Өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар ауқатты адамдар мемлекет көмегіне сүйенбеуі керек. Олар өз күшіне сенуі тиіс. Мемлекет өмірлік қиын жағдайға байланысты өзін қамтамасыз ете алмайтын адамдарды ғана қолдауы керек және қолдайды», деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр әлеуметтік көмектің мақсаты азаматтарды тұрақты түрде жәрдемақыға тәуелді ету емес, олардың өз бетінше табыс тауып, мұқтаждар санатынан шығуына мүмкіндік беру екенін атап өтті.

Үкімет басшысының сөзінше, жаңа тәсіл 2027 жылы бюджет қаражатының 700 млрд теңгесін, ал үш жылда шамамен 2,5 трлн теңгесін үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген қаражатты басқа маңызды бағыттарға жұмсау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2027 жылдан бастап жерлеуге берілетін төлемдер де отбасының әл-ауқатына қарай тағайындалады.