А санатына әл-ауқаты жоғары отбасылар, ал Б санатына ауқатты отбасылар жатады.
Санатты анықтаған кезде отбасының табысы ғана емес, жылжымайтын мүлкі, көлігі, кәсібі, жер учаскелері және басқа да активтері ескеріледі.
А санатына әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысы 7 күнкөріс минимумынан асатын, үлкен аумақты жылжымайтын мүлкі, люкс санатындағы көлігі, бизнесі және басқа да активтері бар отбасылар жатады.
Ал Б санатына әр адамға шаққандағы табысы 6-дан 7 күнкөріс минимумына дейінгі, жайлы баспанасы, премиум санатындағы көлігі, кәсіпкерлік қызметі және басқа да мүлкі бар отбасылар кіреді.
«Отбасының әл-ауқаты Отбасының цифрлық картасы арқылы 50-ден астам өлшем негізінде бағаланады. Олардың қатарында табыс деңгейі, жұмыспен қамтылуы, мүлкі, несиелері және әлеуметтік жағдайы бар», — делінген хабарламада.
