Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Жол апатынан полиция жарақат алды

Фото: ЖИ

Кеше  Астана-Петропавл тас жолында «JAC T9» пикапы патрульдік көлікпен соқтығысып, жол апаты орын алған. 

Әлеуметтік желідегі жазбаларға сүйенсек, оқиға салдарынан полиция қызметкері дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

Жол апаты  Шортанды кентінің маңында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «JAC T9» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтамай, арнайы жол техникасын сүйемелдеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған полицияның қызметтік көлігіне соғылған», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Тергеушілер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда.