Кеше Алматыда өткен «Қазақ аруы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды. Бас жүлде 20 жастағы алматылық Асылым Өтепбергенге бұйырды.
Ұлттық байқаудың қорытындысы бойынша алматылық Асылым Өтепберген 17 164 дауыс жинап, жеңімпаз атанды.
Ал екінші орынды 10 480 дауыс жинаған Қостанай қаласының өкілі Әйгерім Қайпен иеленді. Үздік үштікке 4 499 дауыс жинаған шымкенттік Сымбат Әбубәкір лайық деп танылды.
Байқау жеңімпазы Асылым Өтепберген Алматы қаласында дүниеге келген. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алады. Ол әлеуметтік желіде белсенді блог жүргізеді. Instagram парақшасына 30 мыңнан астам оқырман бар.
Жеңімпазға бас жүлде ретінде дизайнер Аида Кауменованың сән үйінде арнайы тігілген шапан жабылды. Сондай-ақ шетелге саяхаттауға жолдама табысталды.
