Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Елдос Сметов алғашқы қарсыласын жеңді

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Азиадада алғашқы қарсыласын жеңді.
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды, деп хабарлайды,- ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
60 келіде басты фаворит саналатын Елдос Сметов бірінші айналымда Ли Харимді (Оңтүстік Корея) иппон әдісімен жеңіп кетті.
Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48, 52 және ерлер арасында 60 пен 66 келіде жүлдегерлер анықталады.