Қазақстанда мемлекеттік мүлік туралы мәліметтер бір жүйеге біріктіріліп, әрбір нысанға мемлекеттік мүліктің цифрлық паспорты әзірленеді. Ауқымды жоба e-Qazyna платформасы негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда мемлекеттік мүлік туралы мәліметтер бір жүйеге біріктіріліп, әрбір нысанға мемлекеттік мүліктің цифрлық паспорты әзірленеді. Ауқымды жоба e-Qazyna платформасы негізінде жүзеге асырылады.
Цифрлық профильдің мүмкіндіктері
Жаңа платформада мемлекеттік активтердің толық сипаттамасы жинақталады. Әрбір нысанның цифрлық профилінде оның орналасқан жері, ағымдағы жағдайы, пайдаланылу деңгейі, өмірлік циклі, сондай-ақ фотосуреттері мен географиялық координаттары сақталатын болады. Сондай-ақ кейінірек жүйеге ғарыштық мониторинг деректерін енгізу де көзделген.
BAQ.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жүйе пайдаланылмай тұрған немесе тиімсіз қолданылатын мемлекеттік активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Мәліметтерді өңдеу мен талдау барысында жасанды интеллект пен Big Data технологиялары кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда e-Qazyna жүйесінде 40 цифрлық сервис біріктірілген.
Жобаның іске асырылу кезеңдері
BAQ.kz мәліметінше, мемлекеттік мүлікті цифрлық есепке алу жұмыстары бірнеше кезеңге бөлінген:
- 2026 жыл: ғимараттар мен құрылыстардың цифрлық профильдері қалыптастырылады;
- 2027 жыл: жер учаскелері цифрлық паспортпен қамтылады;
- 2028–2029 жылдар: көлік, жабдықтар және басқа да активтер жүйеге енгізіледі.
Дереккөз: BAQ.kz
