Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Президент қорғаныс саласының шенділерін қызметінен босатты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің екі орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Президенттің өкімімен Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы лауазымынан босатылса, Алмаз Жұмакеев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кетті.

Сонымен бірге Қанат Ниязбеков Қарулы Күштер Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Қорғаныс министрлігі – ел президентіне тікелей бағынатын үш министрліктің бірі. Оның басшыларын мемлекет басшысы дербес тағайындайды.