Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Қызылорда облысында 500-ден аса педагогтің жеке деректері тарап кеткен


500-ден аса білім беру ұйымы қызметкерінің жеке дерегі мемлекеттік сатып алу порталында қолжетімді болған. Заңбұзушылықты Қызылорда облысының прокуратурасы анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

Әңгіме қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу қызметін сатып алуға қатысты құжаттар туралы болып отыр. Сол құжаттарда жеті білім беру ұйымы қызметкерлерінің жеке мәліметтері жарияланған.

Прокуратура араласқаннан кейін қызметкерлердің жеке деректері бар мәліметтер мемлекеттік сатып алу порталынан алып тасталды.

Сонымен қатар, жеке деректердің заңсыз жариялануына жол берген білім беру ұйымдарының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Заң талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда.