Әнші Роза Әлқожа жұлдыздардың көбісі өтірік айтатынын мойындады. Ол @Kezdesu-show ютуб арнасына берген сұхбатында олардың бәрі бірдей бай-бақуатты емес екенін айтты.
Әншінің сөзіне сүйенсек, өздері көрсеткендей, отбасылары да жұртқа үлгі бола алмайды.
«Көп өтірік айтамыз. Керемет жанұя болып көрінеміз. Ұл-қыздарымызды керемет тәрбиелі, тамаша, өзіміз де керемет. Мұның бәрі өтірік. Шындығында, біз ондай емеспіз. Біз тек жылтыраған жағын саламыз. Әдемі көрінгіміз келеді. Жұрттың бәріне ұнағымыз келеді», – деді әнші.
Оның айтуынша, өздері кредиттен кредитке батып жүр. Өнер иелері өмірлерін тек жақсы жағынан көрсеткендіктен, халық соған сенеді.
@nomad-news.kz
