Қазақстан пойыздарында тегін спутниктік Starlink интернетін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жолаушылар WhatsApp, Telegram және Aitu мессенджерлерінде мәтіндік хабарламаларды тегін жібере алады. Сондай-ақ сапар туралы қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік болады.
Қазірдің өзінде 51 бағытта қатынайтын 108 пойыздың 1 500-ден астам вагонына тиісті жабдық орнатылған. Бұл пойыздарды жыл сайын 11 миллионнан астам жолаушы пайдаланады.
Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» мен «Транстелеком» қызметті ұсыну шарттарын талқылап жатыр. Оның нақты қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ видео көру, қоңырау шалу және басқа да интернет-трафик түрлерінің ақылы бола ма, жоқ па – әзірге нақтыланбаған.
