Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды

фото: Ішкі істер министрлігі
фото: Ішкі істер министрлігі

Күдіктіге қызметіне салғырт қарады деген айып тағылып отыр. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, Қазақпарат жазды.

— Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ІІМ-нің әскери-тергеу бөлінісі қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков болған еді.