Қазақстан Үкіметі мемлекеттік жәрдемақылардың тізімін, сондай-ақ оларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін бекітті деп хабарлайды Kursiv Media.
Құжатта мемлекеттік жәрдемақының 10 түрі көрсетілген:
- Бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы
- Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы
- Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
- Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы
- Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
- Асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
- Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы
- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы
- Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы
Жәрдемақы кімдерге берілмейді?
2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап бұл жәрдемақы кей азаматтар үшін тоқтайды. «Отбасының цифрлық картасы» бойынша еңбек министрлігі елдегі жанұяларды бес санатқа бөледі. Оның алғашқы екеуі ауқатты, ал кейінгі үшеуі көмекке мұқтаж деп саналады. Осы үш санатқа кіретін отбасылар ғана мемлекеттен әлеуметтік төлемдер ала алады.
