Магниттік дауыл адамдардың денсаулығы мен көңіл-күйіне әсерін тигізеді.
Жерде 9 қазанда магниттік дауыл басталуы мүмкін. Бұған жақында болған Күн жарқылдары кезінде Жерге қарай лақтырылған күн плазмасының бұлттары себеп болады. Бұл туралы «Фобос» ауа райы орталығының жетекші маманы Михаил Леус мәлімдеді,- жазады informburo.kz.
Халықаралық болжам жасау орталықтарының есептеуінше, күн бөдшектерінің бұлттары Жерге жұма күні таңертең жетуі ықтимал.
Сол күні геомагниттік өрісте әлсіз және орташа деңгейдегі, яғни G1-G2 санатындағы ауытқулар болуы мүмкін. Магниттік белсенділіктің жоғары деңгейі шамамен екі тәулік сақталады деп болжанып отыр.
Бұған дейін 6 қазанда Күнде қуаты бойынша алдыңғы қатардағы M санатына жататын бірнеше жарқыл тіркелгені хабарланған еді. Оның барысында Жерге қарай бағытталған екі ірі плазма бұлты шығарылған.
Мамандардың болжамынша, геомагниттік өріс 11 қазанға қарай қайтадан қалыпты күйіне оралады.
