Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Оқушылар қалай амандасу керектігін үйренеді

Қазақстанда оқушыларға арналған амандасу ережелерін әзірлеуге Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тартылды. Мамандар қазірдің өзінде әдістемелік ұсынымдар бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Tengri Education.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Құрылтай депутаты Ерлан Сайыртың сауалына берген жауабында айтылған.

Ведомствоның мәліметінше, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арнайы жұмыс тобын құрған. Оның құрамына ғалымдар, сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдері кірді.

Олардың міндеті — оқушылардың бойында амандасу мәдениетін қалыптастыруға көмектесетін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.

«Білім алушылардың сәлемдесу мәдениеті бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр», — делінген министрлік жауабында.

Оқу-ағарту министрлігі ұсынымдарды әзірлеу кезінде педагогтердің, білім беру процесінің басқа да қатысушыларының, мүдделі тараптар мен мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескерілетінін атап өтті. Дайындалып жатқан ұсынымдар депутаттармен қосымша талқыланатын болады.