Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Министрлік «Яндекс» сервистеріндегі ақауға қатысты түсініктеме берді

Қазақстанда «Яндекс» сервистерінің жұмысында ақау болғанымен, пайдаланушылардың жеке деректерін сақтайтын серверлер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері «Яндекс» сервистеріндегі ақау Қазақстан азаматтарынының алаңдаушылығын тудырған еді. Министрлік өкілдері азаматтардың жеке деректерін сақтауға арналған серверлер ел аумағында орналасқанын атап өтті.

«Алайда бұл бүкіл платформаның толықтай Қазақстанда жұмыс істейтінін білдірмейді. Такси шақыру және жеткізу қызметтеріне қажетті кейбір компоненттер шетелде орналасқан. Деректерді Қазақстан аумағында сақтау мен цифрлық платформалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету – кешенді шешімді қажет ететін екі бөлек міндет», делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік қазіргі уақытта «Яндекс» компаниясы сервистердің жұмысын қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатқанын растады. Ведомство компаниямен және Қазақстанның инфрақұрылымдық ұйымдарымен қажетті қолдау көрсету мәселелері бойынша байланыс орнатқан.